Тараз полицейі жолда қалған шетелдік туристерді қонақ қылды
Тараз полицейі ақтүтек боранда жолда қалған шетелдік туристерді өз үйінде қонақ қылды, деп хабарлайды 24KZ. Ұлыбританиялық ерлі зайыпты Силкей мен Киран ауа райының қолайсыздығынан Шымкентке жете алмай қалған. Полиция қызметкері көліктегі жолаушыларға жол ашылғанша бірер күнге қалып, қонақ болуға шақырады.
Қонақжай полицейдің төрінен табылған туристер дастарқаннан дәм ауыз тиіп, түнеп шықты. Ертесіне жол ашылып, олар Шымкентке бағыт алған. Шетелдік азаматтарды үйіне қондырған аға лейтенант Серік Есенғали полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны инспекторы болып қызмет етеді.