Қазақстанда 300 мыңға жуық волонтер бар

Қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді, деп хабарлайды 24kz.

2023 жылы елде 200 мыңнан аса волонтер болса, қазір олардың саны 300 мыңға жуықтап қалған. Ұлттық волонтерлер желісі өкілдерінің айтуынша, белсенділер түрлі бағытта жұмыс істейді.

Әлішер Әли, тілші:

- Елорда еріктілері қаңтардың қақаған суығына қарамастан қарттарға жылы лебізін осылай білдіруде. 1-2 күн бұрын Астанада ат құлағы көрінбейтін ақтүтек боран болды. Салдарынан Асыл әжеміздің ауласын қалың қар басып қалған екен. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», - дейді қазір еріктілермен бірге қарт анаға көмектесетін боламыз.

Тұрабек Алқанов, волонтер:

- Ал, Астаналық Дәурен Рахымбек – елде өткен «Мен донормын» қан тапсыру акциясын ұйымдастырғандардың бірі. Бас қаладан басталған волонтердің бастамасы 19 өңірде жалғасып, бас-аяғы 400-ден аса азамат донор атанды. «Қанға мұқтаж қарашаға көмек қолын созып, қайырымды іске атсалысқанымызға ризамыз» - дейді ерікті.

Дәурен Рахымбек, волонтер:

- Күні кеше мен өзім 450 мл қан тапсырдым. «Мен донормын» республикалық акциясын жасадық. Бірінші кезекте қан тапшылығы өте маңызды. Ақтауда да қан жетіспеген кезде волонтерлеріміз бірінші болып қан тапсырды. Волонтерлік қазақтың қанында бар қасиет.

Иә, еріктілердің еңбегі ерен. Ол елде бағаланып та жатыр. 2020 жылы белсенділерді ынталандыру үшін «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы тағайындалды. Бүгінгі күнге дейін 234 волонтер аталған сыйлықпен марапатталды. Сондай-ақ елде белсенді жастардың басын біріктіретін жазғы лагерьлер де бар.

Айбек Досымбетов, «Ұлттық волонтерлік желі» мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл департамент басшысы:

- Волонтерлік орталық болғандықтан жылдық жоспар болады. Жылдық жоспар аясында жасөспірімдерді волонтерлер қатарына қосу, оларды оқытумен арнайы семинар-тренингтар ұйымдастырып отырамыз. Мысалы волонтерлардың жазғы лагерлері бар.

Еріктілер қыста да қарап жатпайды. Қалаға қар жауғалы, аптасына бірнеше рет қарттардың, мүгедектігі бар жандардың ауласын күрейді. Бүгін де игілікті іс жалғасын тапты.

Әлішер Әли, тілші:

- Былтыр елде волонтерлердің қатысуымен 5600-ден аса іс-шара ұйымдастырылды. Тосыннан келген табиғи апаттар да болды. Еріктілер көктемде тасқын болған аймақтарға барып, етігімен су кешті. Жазда елді көгалдандырып, тазалыққа атсалысты. Күзде өткен көшпенділер ойындарында да бой көрсетті. Енді міне, қыстың қатал мінезіне қарамастан қарттарға қолғабыс етуде. Ұзын сөздің қысқасы, елде қандай жағдай болмасын еріктілердің аттары ерттеулі тұр.

Авторы: Әлішер Әли