Зиянкестермен күресте биопрепараттарға басымдық беру керек
Ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруде химиялық пестицидті азайтып, оның орнына биологиялық препаратты қолдануымыз керек.
Мысалы алма, қызанақ, қырыққабат өсіретін бағбандар пести-цид мөлшерін 70 процентке дейін қысқарта алады. Оны тәжірибе көрсеткен. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы Алматыда өткізген жиында осы мәселе талқыланды. Аталған ұйым зиянкестермен күресудің қауіпсіз тәсілі – инте-гралды жүйені ұсынып отыр. Ол экологиялық таза өнім өсіруге кепілдік береді. Яғни, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп-қатерді азайтады. Ал химиялық пестицидтерді тек төтенше жағдайларда себуге кеңес береді. Себебі оның зияны мен қоса шығыны көп. Сонымен қатар адам ағзасына кері әсер етіп аллергия, обыр сияқты ауруды тудыруы мүмкін.
Ержан Айнабеков, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» төрағасының орынбасары:
- Елімізде статистика бойынша 1 гектарға 0,5-0,8 кг химиялық препараттардан келеді. Жалпы дамыған елдерде Европа, Америка елдерінде 1кг-нан 5 кг-ға дейін жетеді. Осыны салыстырып қарайтын болсақ біздің елімізде аса бір химиялық препараттар басқа елдермен салыстырғанда көп қолданылып жатқан жоқ. Бірақ сол химиялық препараттар тиімді қолдану мәселесі соның қоршаған ортаға зияндық әсерін азайту мәселесі осы жобада қаралған.
Патрик Брейди, агроном /АҚШ/:
- Біз жеміс ағашымен жұмыс істейміз. Феромон қолданамыз. Феромон деген ол бір иіс. Біз феромон саламыз бау-бақшаға сол жол арқылы пестицидпен емес, тек ғана феромон арқылы зақым аз болаы. Сол бірнеше жыл болды Қазақстанда сол жол бар.