Биыл «Достық – Мойынты» бағытында жаңа теміржол салынады

Ол «Мойынты – Қызылжар» учаскесі Қарағанды облысының аумағынан өтеді, деп хабарлайды 24kz.

Ұзындығы 360 шақырым теміржол жүк тасымалының уақытын 10 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Қазір құрылыс жобасы дайындалып жатыр.

Еркін Мейірбеков, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Ірі жобаларды іске асыру дирекциясы» филиалының директоры:

- ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысымен көлік инфоқұрылымын дамыту бойынша бірнеше тапсырма берген болатын. Оның ішінде «Мойынты – Қызылжар» теміржолының құрылысы және «Алтынкөл – Жетіген» учаскесінде жаңарту жүргізу. «Мойынты – Қызылжар» теміржолы жүк тасымалына кететін уақытты қысқартады. Сондай-ақ «Мойынты – Жарық» станциялары арасындағы жүк тасымалын жеңілдетеді.

Бүгінгі таңда «Достық – Мойынты» теміржолын салуға 164 млрд цифрлық теңге бөлінді. Бұл таңбаланған ақша қажетті міндеттемелерді толық көлемде орындаған мекемелерге ғана төленеді. Есеп айырысу түпкілікті өнім берушілер мен мердігерлерге дейінгі тауар жеткізу тізбегі бойынша жүргізіледі. Яғни, қаражаттың қайда жұмсалғаны анық көрініп, жемқорлыққа жол берілмейді.

Данияр Бигайдаров, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Механизм қазірдің өзінде жұмыс істей бастады. Алғашқы цифрлық теңгелер жеткізушілер мен мердігерлерге жіберілді. Осылайша, Қарағанды облысында «ДостықМойынты» теміржолын салу шеңберінде 164 млрд теңге, Атырау облысында «БұқарҚұлсары» автожолын жөндеуге 100 млн цифрлық теңге бөлінді. Агенттік басшысы бұл өте маңызды жоба екенін және оның бүкіл салада енгізілуін, жымқыруға қарсы үлкен кедергі болатынын атап өтті.