Доскей ауылында жаңа мәдениет үйі ашылды
Қарағанды облысы Доскей ауылы жаңа Мәдениет үйімен толықты, деп хабарлайды 24kz.
Нысан «Амаnaт» партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасы аясында бой көтерді. Заманауи кешен қазірдің өзінде тұрғындардың сүйікті орнына айналды. Алдағы уақытта мұнда бүлдіршіндерге арналған танымдық үйірмелер де ашылады.
Бекзат Алтынбеков, «Amanat» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы:
- Осыған дейінгі кездесулерде Доскей ауылы тұрғындарының басым көпшілігі мәдениет ошағының жоқтығы ол өңірдегі жастардың, азаматтардың шоғырлануына және талантты азаматтардың танылуына үлкен қол байлап отырғандығы жөнінде бірнеше рет өтініш түскен болатын. Бұл енді таланттардың танылатын жұлдызын жағатын жақсы мәдениет ошағына айналатынына сенімдімін.