Қазақстанда 1493 жемқор ұсталды
Былтыр елде сыбайластыққа қатысты 1641 қылмыс ашылды. Оның 68-і – жүйелі түрде жасалған жемқорлық. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. 2 ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленіп, оларға сот жаза кесті.
Жалпы жыл бойында жемқорлық бойынша 1493 адам ұсталған. Олардың ішінде түрлі деңгейдегі 229 басшы бар. Былтыр сонымен 914 адам сотталды.