Жемқорлық: аймақтардағы жол құрылысы қадағаланады

Құзырлы органдар маңызды инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалардың құрылысын бақылауда ұстап отыр. Былтыр Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекет қаржысының мақсатты игерілуіне мониторинг жүргізіп, 87,7 млрд теңгені жөнсіз ысыраптан сақтап қалды.

Қазір агенттіктің қадағалауында 182 нысан бар. Сондай-ақ арнайы құрылған топтар аймақтардағы жол құрылыстарын қадағалайды. Бүгінде жұмыс топтарының тексеруімен 119 учаскедегі жұмыс қабылданды. Бұл жолдардың жалпы ұзындығы 1800 шақырымнан асады. Анықталған кемшіліктердің 95%-і жөнге келді.