Дубайда «Сұңқар» жасағы тағы алтын алды
Арнаулы мақсаттағы жасақтар арасында Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасының қоржыны тағы алтын жүлдемен толықты, деп хабарлайды 24KZ. Оны Ішкі істер министрлігіне қарасты «Сұңқар» сайыпқырандары еншіледі.
Үшінші кезең нәтижесі бойынша олар ең үздік атанып қана қоймай, нысаналарды да дәл көздеді. Бұл сында рекорд тіркеген қазақ жігіттерінің 2 минут 11 секундтық көрсеткішін ешбір қарсылас асыра орындай алмады. «Сұңқарларға» тек қытай полициясының ұпайы жақын тұр. Жалпы көрсеткіште қазақстандық ұжым екінші сатыға жайғасты. Алдағы екі күнде бағдарламалар қиындай түседі. Жеңіске жеткен мекеме 260 мың доллар сыйақы алады.
Аңсаған Балтабеков, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, Ұлттық ұланның бас қолбасшысы:
- Бұл жетістіктің бәрі дайындықтың арқасында. Әрбірі өз бабында. Шынығып, тынығып, осы сайысқа 6 ай бойы дайындалған. Соның арқасы.