Қырғызстанда әскери тікұшақ құлады
![Қырғызстанда әскери тікұшақ құлады](/media/k2/items/cache/0109904145539ebaada4854957f9313e_XL.jpg?t=20240117_043211)
Бішкекте Ми-8 әскери тікұшағы апатқа ұшырады.
Қайғылы оқиғадан 1 адам көз жұмып, тағы 8-і жарақат алған. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Апат оқу-жаттығу кезінде болған. Тергеу жүріп жатыр.