Қытайда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты
![Қытайда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты](/media/k2/items/cache/cb9872012af21415ca30298a9673e1ac_XL.jpg?t=20240123_054751)
Қытайдағы зілзаладан опат болғандардың саны 3 адамға жетті.
5 кісі жарақат алған. 12 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады. Қазір аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Еске салайын, өткен түнде Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономдық ауданындағы Уши уезінде 7,1 балдық жер сілкінісі тіркелді.