Газа секторындағы қаланы су басты
![Газа секторындағы қаланы су басты](/media/k2/items/cache/052e19c685c83e3b1d26616755e8ea4c_XL.jpg?t=20240128_063027)
Газа секторындағы Рафах қаласын су басып, шатырлы лагерьде тұрып жатқан босқындардың жағдайын қиындатып жіберді.
Біраз шатыр тұруға жарамсыз боп қалды. Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыс басталғалы 1 миллион 800 мың палестиналық үй-жайын тастап, босып кеткен. Көбі Египет шекарасына жақын орналасқан Рафах қаласындағы уақытша орталықтарды паналауға мәжбүр.
БЛИЦ
«Бір шатырда 7 адам тұрамыз. Жаңбыр жауып, көрпе-жастықтың бәрі су боп кетті. Сөйтіп көрші шатырдағы адамдарға барып, балаларымды сонда қалдырып кеттім. Өзім осында қайтып келдім. Қатты тоңып қалдым».
«Мен бала-шағаммен Хан-Юнистен осында келдім. Не көрпе, не шатырымыз жоқ әлі. Жаңбыр жауғанда басымызды пакетпен жауып отырдық».