Boeing ұшақтарына қатысты оқыс оқиғалар жиіледі

Boeing компаниясы 89 тексерудің 33-інен өткен жоқ.

Оны АҚШ-тың азаматтық авиация бойынша федералдық басқармасы жүргізген. Қаңтардың басында көкке көтерілген Boeing 737-МАКС-9 ұшағының есігі жұлынып қалған. Сөйтіп бортында 180-ге жуық адамы бар лайнер қайта қонды. Тексеру жүргізуге осы оқиға себеп болған. Бұдан бөлек өткен аптада Австрлиядан Жаңа Зеландияға бет алған Boeing -787 Дримлайнер ұшағы да бағытын өзгерткен. Алдын ала мәлімет бойынша, оған техникалық ақау себеп. Тергеу әлі жалғасып жатыр. Кейбір мәлімет бойынша, төтенше жағдай ұшқыштар орындығындағы ақаумен байланысты болуы мүмкін. Бұл оқиғалардан кейін қор биржасында Boeing акциялары арзандады.