Әлемде 280 млн адам тойып тамақ ішпейді
![Әлемде 280 млн адам тойып тамақ ішпейді](/media/k2/items/cache/2d7c168353b001ebedb5a0c725604870_XL.jpg?t=20240424_102817)
Әлемнің 59 елінде 280 миллион адам тойып тамақ ішпейді.
Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 24 миллионға көп. Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегіне сүйенсек, кейінгі 8 жылда 36 мемлекет аштық зардабын тартып келеді. Сарапшылар азық-түлік дағдарысын жер жаһандағы климаттың өзгерісі және қарулы қақтығыстармен байланыстырады. Осы себептерден көп елдің ауылшаруашылығы құлдырап, халық зардап шегіп жатыр.