Еуропаның бірнеше елін су басты

Францияның 4 өңірінде толассыз жаңбыр соңы тасқынға ұласып, қауіптің сары деңгейі жарияланды.

Апат аймағында қазір құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Словенияда да осыған ұқсас жағдай. Өзендер арнасынан тасып, елдің солтүстік-шығысындағы бірнеше ауданда жолдар мен жерасты өткелдері су астында қалды. Ондаған үйге зақым келген. Бұдан бөлек, екпінді желден электр сымдары үзілген.

Ал Италияда соңғы күнде құтқару қызметіне 2 мыңға жуық қоңырау келіп түскен. Билік өкілдерінің айтуынша, жағдай әсіресе, Венето мен Ломбардияда күрделі.