Бразилияда тасқыннан кейін лептоспироз инфекциясы өршіді

Бразилияның Риу-Гранди-Ду-Сул штатында тасқыннан кейін лептоспироз қоздырғышының 54 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды 24KZ.

Тағы 4 кісі аурудан көп жұмған. Олардың көбі инфекцияны егеуқұйрық сияқты жануарлардың зәрімен ластанған шалшық судан жұқтырған. Қазір тағы 800-ге жуық күдікті жағдай тексерілуде.

Бұл туралы жергілікті мемлекеттік денсаулық сақтау департаменті мәлімдеді. Олардың сөзінше, штатқа қарасты бірнеше қала әлі су астында. Бұл лептоспироз жағдайының көбеюіне әкелуі мүмкін.

Айта кетейік, елдегі табиғи апаттан 165 адам опат болды. Тағы бірнешеуі әлі күнге із-түзсіз. 581 мың тұрғын қонысынан айырылды.