Францияның Лион қаласында біреу төрт адамды пышақтап кетті
![Францияның Лион қаласында біреу төрт адамды пышақтап кетті](/media/k2/items/cache/ea63b5468c1dd7a603d0e106eecee9fd_XL.jpg?t=20240527_122821)
Францияның Лион қаласында белгісіз біреу метрода тұрғындарға пышақпен шабуыл жасап, 4 адам зардап шекті.
Оның екеуі ауыр халде. Қаскөй 27 жастағы марокколық азамат болып шықты. Қазір қамауға алынды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, күдікті осыдан 2 жыл бұрын ел аумағынан шеттетілуі тиіс болған. Өйткені оның бұған дейін бірнеше құқықбұзушылықтарға қатысы болғаны анықталды. Полиция "Қасақана кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша тергеуді бастады.