Пәкістанда ұлттық парктегі өртті алты күннен бері сөндіре алмай жатыр

Пәкістан астанасын орманнан шыққан өрт шарпыды, деп хабарлайды 24kz.

6 күннен бері тілсіз жаумен күрес жүріп жатыр. От Исламабадтағы «Маргалла-Хиллс» ұлттық паркіне жеткен. Операцияға 70-ке жуық өрт сөндіруші, Пәкістан әскерінің 6 авиациясы, тікұшақтар тартылды. Алапат өртке қасақана от қою немесе аптап ыстық себеп болуы мүмкін. Қазір тергеу жүріп жатыр. Елдің солтүстік-шығысында термометр бағаны екі аптадан бері 54 градустан түспей тұр.

Акбар Бхатти, Исламабад тұрғыны:

- Менің ойымша, біреу әдейі от қойған. Нақты себебін тергеу жүргізіп жатқан билік анықтай жатар. Өрт тұрғындардың өміріне үлкен зиянын тигізіп жатыр.