Жасанды интеллект арқылы антибиотик өндірілмек

Америкалық ғалымдар жасанды интеллектінің көмегімен жер бетіндегі барлық микроб түрлерін зерттейтін жаңа алгоритмді қолданып көрді.

«Бұл антибиотикке төзімділікті анықтау процесін жеделдетеді. Сондай-ақ түрлі бактерияларға қарсы жаңа дәрілік препараттарды жасап шығаруға мүмкіндік береді», – дейді сарапшылар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, осыдан 5 жыл бұрын бактерияға қарсы антибиотиктердің ағзаға әсер етпеуі салдарынан миллионнан астам адам көз жұмған.