Барселонада 2028 жылдан бастап туристерге пәтерді жалға беруге тыйым салынады
![Барселонада 2028 жылдан бастап туристерге пәтерді жалға беруге тыйым салынады](/media/k2/items/cache/3611359decbc64953989bd121d50e57d_XL.jpg?t=20240622_125912)
Барселонада туристерге пәтерді жалға беруге тыйым салынады, деп хабарлайды 24kz.
Жаңа ереже 2028 жылы күшіне енбек. Осылайша, Испан билігі баспана бағасын ауыздықтауға ниетті. Барселона – саяхатшылар үшін ең танымал шаһарлардың бірі. Осыған байланысты қаладағы үйдің құны қымбат. Кейінгі 10 жылда баспана жалдау ақысы 68%, ал сату бағасы 40%-ке өскен. Енді 4 жылдан кейін пәтерлерді тек жергілікті тұрғындар ғана жалға алуға құқылы болмақ.