БҰҰ: Әлемде балалар құқығын бұзу деректері артып барады
![БҰҰ: Әлемде балалар құқығын бұзу деректері артып барады](/media/k2/items/cache/0bc4c89ffbaff43713ea1c566a0ced29_XL.jpg?t=20240627_115627)
Әлемде балалар құқығын бұзу жағдайлары артып барады.
Біріккен ұлттар ұйымы осылай дейді. Ұйым өкілдерінің айтуынша, былтыр аталған жайт бойынша 33 мыңға жуық дерек тіркелген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 21%-ке артық. Балаларға қарсы қылмыстардың басым бөлігі Газа секторында, Буркина-Фасо, Мьянма, Сирия мен Сомалиде жасалған. Аталған елдерде 5 жеткіншек көз жұмып, 6 мыңға жуығы түрлі жарақат алған. Тағы 8 мыңдайы құлдықтың құрығына түскен.
Айта кетейік, бүгінде әлем бойынша 400 миллионға жуық бала қарулы қақтығыс аймақтарында өмір сүріп жатыр.