Мексика «Крис» дауылына дайындала бастады
![Мексика «Крис» дауылына дайындала бастады](/media/k2/items/cache/f83fb264129f09a2b43573461b5b31bf_XL.jpg?t=20240701_010656)
Мексика халқы «Крис» тропикалық дауылына дайындалып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Синоптиктердің айтуынша, дүлей жел алдағы күндері Мексика шығанағының оңтүстік-батысынан жылжып, алдымен елдің шығыс бөлігіне соғады. Оның екпіні сағатына 65 шақырымнан асып, жаңбыр селдетіп, тасқын жүреді деген болжам бар. Осыған байланысты тұрғындар дүкендерден азық-түлік пен ауызсуды көптеп сатып алуға кіріскен. Билік те жұртқа дауыл кезінде барынша абай болып, арнайы орындарды паналауға шақырып жатыр.