Әлемде күріш өнімділігі төмендеді
![Әлемде күріш өнімділігі төмендеді](/media/k2/items/cache/0eef2989f3b9c9ba5c0aee093e4a46a1_XL.jpg?t=20240819_031323)
Биыл әлемдік нарықта күріштің өнімділігі айтарлықтай төмендеді.
Бұған күннің қолайсыздығы, дәлірек айтқанда ыстық пен жауын-шашынның аз болуы әсер еткен. Ең ірі астық экспорттаушы Үндістан, өнім экспортын шектеуге мәжбүр. Ылғалдың жетіспеуінен дақылдар қурап қалған. Жалпы кейінгі 7 жылда Үндістанның мемлекеттік қорларында астық көлемі азайған.