Испанияда зәйтүн майы 3 есе қымбаттады
![Испанияда зәйтүн майы 3 есе қымбаттады](/media/k2/items/cache/7218efa4342f2e6e69b4d7fe0cbba42d_XL.jpg)
Испанияда қуаңшылық салдарынан зәйтүн майының өндірісі қысқарып, өнім бағасы 3 есе өсті.
Қазір дүкендерде жалған тауарлардың пайда болуы жиілеп кеткен.
Айта кеткен жөн, Испания – зәйтүн майының әлем бойынша ең ірі өндірушілерінің бірі. Сарапшылар: «Жыл соңына дейін мұнда өндіріс көлемі 50% қысқаруы мүмкін», – дейді. Демек өнімнің жаһандық нарықтағы бағасы өсетінін де ескертеді.