Израильде жұрт тұтқындарды босатуды талап етті

Израильде кепілге алынған тұтқындарды босатуды талап еткен шеру өтті.

Елдің бірнеше қаласында өткен наразылық акциясына мыңдаған адам қатысты.

Ең ауқымды шеру Тель-Авивте болды. Қолдарына ту мен тұтқындардың суретін ұстап шыққан шерушілер ХАМАС-пен тез арада келісімге келіп, кепілдегі азаматтарды босатуды талап етті. Қазір ХАМАС 100-ге жуық адам ұстап отыр.