Абу-Дабиде алғашқы АЭС құрылысы аяқталды
![Абу-Дабиде алғашқы АЭС құрылысы аяқталды](/media/k2/items/cache/13b9824396810e511a6b64db8dfb7599_XL.jpg)
Абу-Дабиде елдегі алғашқы «Барак» атом электр стансысының құрылысы аяқталды.
Ол осыдан 4 жыл бұрын толық емес қуатта жұмыс істей бастаған. Енді стансының соңғы блогы пайдалануға берілді. АЭС жылына 40 тераватт-сағат электр энергиясын өндіреді. Ол тұтас мемлекеттің электр энергия қажеттілігінің төрттен бірін қамтамасыз етіп отыр. «Аталған жоба көміртегі шығарындыларын азайтып, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында маңызды қадам болмақ», – дейді билік өкілдері.