Марсельде жауын соңы тасқынға ұласты

Марсельде жауын соңы тасқынға ұласты

Францияның Марсель қаласында толассыз құйған жаңбыр соңы тасқынға ұласты, деп хабарлайды 24kz.

Автобус, трамвай мен метро қозғалысы тоқтаған. Ондаған мектеп пен балабақша жабылды. Тұрғындар әлеуметтік желілерде жүзіп жүрген және суға батқан көліктердің бейнежазбаларын жаппай бөлісіп жатыр. Билік қауіптің «сары деңгейін» жариялады.

«Күн райының күрт бұзуылуына Жерорта теңізі жақтан соққан «ГЕрда» дүлей дауылы себеп», - дейді синоптиктер. Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.