Техастағы мұнай зауытта 35 адам уланып қалды
![Техастағы мұнай зауытта 35 адам уланып қалды](/media/k2/items/cache/1816f2f8fe81d700921c7fd9664dda71_XL.jpg?t=20241012_044351)
Техаста мұнай өңдейтін зауытта күкіртсутек төгіліп, 35 адам уланып ауруханаға жеткізілді.
Тағы 2 адам көз жұмды. Оқыс оқиға Дир-Парк қаласында болды. Зауытқа жақын жердегі үйлердің тұрғындарына сыртқа шықпау туралы ескерту жасалды. Алдын ала мәлімет бойынша апатқа жұмысшылардың бірі жіберген қателігі себеп болған.