«Хезболла» Израильге 320 зымыран атты
![«Хезболла» Израильге 320 зымыран атты](/media/k2/items/cache/83abf9354a6ad6fdc1b402265cdd32b4_XL.jpg?t=20241013_064744)
Бұл шабуыл еврей елінің негізгі мерекесінің бірі Йом Кипур қарсаңында болды.
Израиль әскері зымырандардың біразын қағып түсіргенін мәлімдеді. Қалғандары ашық алаңға құлаған. Шабуыл салдарынан елдің солтүстігінде орналасқан Акко қаласында 2 адам көз жұмды. Сондай-ақ Герцлия курортындағы бірнеше нысанға зақым келген.