БАӘ Ливанға 120 тонна көмек жіберді
![БАӘ Ливанға 120 тонна көмек жіберді](/media/k2/items/cache/441ac8a2861cf2e2da5890cef0aa5ba7_XL.jpg?t=20241019_072936)
Біріккен Араб Әмірліктері Ливанға тағы 120 тонна гуманитарлық жүк жіберуге дайындалып жатыр.
Онда азық-түлік, дәрі-дәрмек, құрылыс материалдары бар. Таяу Шығыстағы ахуал ушыққалы әмірлік 8 қазаннан бастап Ливанға көмек жібере бастаған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ, Халықаралық Қызыл крест ұйымы да қолдау көрсетіп жатыр. Сөйтіп, екі апта ішінде Әбу-Даби 515 тонна гуманитарлық көмек жөнелткен.