Албанияға жіберілген мигранттар Италияға қайтып келді

Италияның заңсыз көші-қонмен күрес шаралары өзінің тиімсіздігін көрсете бастады, деп хабарлайды 24kz.

Мемлекетаралық келісімге сәйкес Италияға заңсыз жеткен мигранттар Албанияға кері қайтарылады. Өткен аптада елге заңсыз жеткен азаматтардың алғашқы легі Балқан түбегіне жіберілген еді. Бірақ араға бірнеше күн салып, олар Италияға кері қайтарылды. Өйткені Рим соты: «Отанындағы қиын жағдайға байланысты үйлеріне орала алмайды», деген шешім қабылдады. Енді сарапшылар: «Мұндай шешімдер жиілеп кетсе, Албаниямен келісімнің пайдасы болмайды», - деп отыр.