Тель-Авивте жүк көлігі аялдамаға соғылып, 37 адам жараланды
![Тель-Авивте жүк көлігі аялдамаға соғылып, 37 адам жараланды](/media/k2/items/cache/c3e730f20f27c8cbc3eb3f691252b70c_XL.jpg?t=20241027_124054)
Тель-Авив маңында жүк көлігі автобус аялдамасын соғып, 37 адамды жаралады, деп хабарлайды 24kz.
Израиль полициясы: «Бұл лаңкестік әрекет болуы мүмкін», - деп отыр. Жарақат алғандар ауруханаларға жеткізілді. Біреуінің халі ауыр. Оқыс оқиға Израиль барлау басқармасының штаб-пәтері орналасқан жақта болған. Рөлде болған адамды сол жердегі тұрғындардың өзі тоқтатқан.