Bosch неміс компаниясы 5500 қызметкерін жұмыстан шығарады
![Bosch неміс компаниясы 5500 қызметкерін жұмыстан шығарады](/media/k2/items/cache/ca2b89de0881616103ffc811f70f92c5_XL.jpg?t=20241125_040729)
Bosch неміс компаниясы автомобиль бөлшектерін өндіру бөлімінің бес жарым мың қызметкерін жұмыстан шығармақ, деп хабарлайды 24kz.
Өйткені алдағы 5 жыл ішінде Германиядағы екі кәсіпорында штат саны қысқарады.
Автомобиль бөлшектеріне деген сұраныс күрт төмендеген. Бұл өндіріс көлемінің барлық шығынын өтемейді. Сондай-ақ арзан қытай өнімдері де бәсекелестікті арттырған. Жалпы компанияда 230 мыңға жуық қызметкер бар. Солардың ішінде алдымен жүргізушіге және автопилотқа көмек көрсету жүйелерін дамытумен айналысатын жұмысшылар қысқартылады.