Газа секторында қаза тапқандар саны 44211 адамға жетті
![Газа секторында қаза тапқандар саны 44211 адамға жетті](/media/k2/items/cache/6abfebac618b6142abdfec009db63567_XL.jpg?t=20241125_073220)
Газа секторында Израильдің өткен жылдың қазанынан бері жалғастырып жатқан шабуылдарынан қаза тапқан палестиналықтар саны 44211 адамға жетті, деп хабарлайды 24kz.
Жараланғандар – 104 мың. Бұл туралы анклавтың Денсаулық сақтау министрлігі таратты. Кейінгі 1 күннің ішінде бомбалаудан 35 палестиналық ажал құшып, 94-і жарақат алған. Кеше Израиль әскері орталық аймақтағы Босқындар лагерін талқандады. Одан бұрын Бейт-Лахия қаласындағы Камал Адван ауруханасына шабуыл жасаған.