Түркия әуежайларында жаһандық ақау болды
![Түркия әуежайларында жаһандық ақау болды](/media/k2/items/cache/1eeecb84ffd32c8aa7d40222ce81cccc_XL.jpg?t=20241126_062914)
Түркия әуежайларында техникалық ақау болды, деп хабарлайды 24kz.
Төлқұжат бақылауынның жұмысына қажетті «Полнет» жүйесі істен шығып, Анталья мен Ыстамбұл әуе айлақтарында ұзын-сонар кезек пайда болған. Салдарынан рейстер бір сағатқа кешігіп ұшан. Жергілікті ақпарат құралдары қазір ақаудың жойылғанын хабарлайды.