Гамалея орталығы АИТВ-ға қарсы вакцина жасайтын технология ойлап тапты

Ресейдегі Гамалея орталығы адамның иммун тапшылығы вирусына қарсы вакцина жасайтын технология ойлап тапты, деп хабарлайды 24kz.

Мамандар ағзаға енгізгеннен кейін инфекция қоздырғыштарымен күресуге қауқарлы антиденелер тудыра алатын антитектер жасауды үйренген. Аталған технология сәтті іске қосылса, бұл медицина саласында айтулы жаңалық болмақ. Осылайша, жылдам мутацияланатын вирустармен тиімді күресуге, қорғанысты күшейтіп, өлім-жітімді азайтуға мүмкіндік туады. Негізі қазір әлемде адамның иммун тапшылығы вирусына қарсы бірнеше вакцина сынақтан өтіп жатыр. Бірақ бұл препараттардың емдік тиімділігі 60-70%-ті ғана құрап отыр. Биыл жазда америкалық ғалымдар аталған вирусты жұқтырудың алдын алатын дәрі дайындады. Оны адам жылына 2 рет егуі керек. Бағасы арзан емес –  42 мың доллар.