АҚШ-тың солтүстігіне қалың қар жауды
![АҚШ-тың солтүстігіне қалың қар жауды](/media/k2/items/cache/caaed4c7acd1049e04ee37e5f46a46ba_XL.jpg?t=20241202_062401)
АҚШ-тың Нью-Йорк және Пенсильвания штатында қалың қар түсті.
Жауған ақ ұлпаның қалыңдығы тізеден келеді, 61 см-ге дейін жеткен. Одан аяқ алып жүру мүмкін емес. Ал тәулік ішінде 200-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Билік Нью-Йорк штатының кей аудандарында төтенше жағдай режимін жариялады. Сондай-ақ маңызды жолдарды уақытша жапты. Олардың айтуынша, қолайсыз ауа райы әлі сақталады. Тағы АҚШ-тың бірнеше аймағына қауіп төніп тұр.