БҰҰ-ның босқындар жөніндегі агенттігі Газа секторына көмек жеткізуді тоқтатты
БҰҰ-ның палестиналық босқындар жөніндегі агенттігі Газа секторына Керем-Шалом бақылау-өткізу бекеті арқылы гуманитарлық көмек жеткізуді тоқтатты.
Бұл туралы The Associated Press агенттігі хабарлады. Олардың айтуынша, көмекті тоқтатуға қарулы топтың жүк көлігін тонауы себеп. «Бұл шешім аймақтағы ахуалды одан әрі ушықтыруы мүмкін», - дейді сарапшылар. Өйткені анклавта жаңбырлы маусым басталып, тұрғындар паналаған лашықтарды су алып жатыр. Оған қоса, қыс қаһарына мініп, халықтың көбінің жағдайы нашарлаған. Бұған дейін халықаралық ұйым Газа секторының солтүстігінде аштық орнағаны туралы мәлімдеген еді.