Италияда көру мүмкіндігі нашар жанкүйерлер үшін жаңа жүйе іске қосылды

Италияда көру мүмкіндігі нашар жанкүйерлер үшін жаңа жүйе іске қосылды

Италияда көзі нашар көретін футбол жанкүйерлері үшін тың жүйе енгізілді, деп хабарлайды 24kz.

Технология шағын құрылғы негізінде жұмыс істейді. Оны қолымен сипаған адам ойын кезіндегі оқиғаларды саусағының ұшы арқылы сезінеді.

Құрылғының бетімен қозғалатын магнитті диск шынайы уақыт режимінде доптың бағытын нұсқап отырады. Гол не пенальти секілді маңызды сәттерде вибрация қарқыны арта түседі. Қосымша ретінде ойынның аудиожазбасы да қосылып тұрады. Тың технология алғаш рет Итальяның Кальяри – Эллас Верона командаларының матчы кезінде қолданылған.