Түркияда бард ақын Т. Досымовтың әндері шырқалды
Қазақтың тұңғыш бард әншісі, ақын Табылды Досымовтың әндері Анкарада шырқалды.
Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы мен "Табылды Досымов Республикалық қорының" ұйытқысымен өткен іс-шара Түркия астанасындағы белгілі "Түрік ожаклары" театрында өтті. Ақынның 60 жылдық мерейтойына арналған концерттік кеште "Сәйгүлік", “Ұнатамын мен сені", "Мен қазақпын" сынды 20-дан астам әні орындалды. Өмірі мен еңбектері жайлы қысқа фильмдер көрсетілді. Шара соңында қатысушылар ТҮРКСОЙ алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ Бижан Қалмағанбетов пен Қазақстаннан кешке арнайы келіп, қолдау көрсеткен Атырау облыстық мәслихатының депутаты Қайырбек Баймұратовқа ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың атынан түркі мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін ұйым медалі табысталды.
Қайырбек Баймұратов, Атырау облыстық мәслихатының депутаты:
Мұның басты бағыты туысқан елдің азаматтары қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың шығармашылығымен танысу. Табылды Досымов қазақтың үлкен ақыны. Ерекшелігі әнді өзі жазады. Сөзін өзі жазады және орындаушы. Мұны бард ақын дейді. Туысқан жұрт қазақтың бард ақынын таныса екен. Оның туындыларын жатөан орындаса екен деп келіп жатырмыз.
Хумейра Ердоған, көрермен:
- Қазақстан жайлы көп білемін деп айта алмаймын. Досымның шақыруымен келген едім. Концерт өте ұнады. Әрбір әннің әуені ерекше. Бәрінің атын жазып алдым. Енді соларды тыңдап, аударып, әрбір сөздің мағынасын білсем деймін.