Сеул тұрғындары президентке қарсы шеру ұйымдастырды

Оңтүстік Корея тұрғындары Президент ғимаратының алдына жиналып, митинг ұйымдастырды.

Олар үкіметтен ел көшбасшысы Юн Сок Ёльды шұғыл тұтқындауды талап етіп жатыр. Наразы жұрттың сөзінше, Юн Сок Ёль қоғамға үлкен қауіп төндіріп отыр. Өткен аптада Парламент Президентке импичмент жариялау туралы шешім қабылдады. Қолданыстағы заңға сәйкес, Конституциялық сот оны 180 күн ішінде жүзеге асырады. Егер ол Президенттіктен босатылса, 60 тәулікте мемлекеттің жаңа басшысын тағайындау үшін ұлттық сайлау өтуі тиіс. Ал конституциялық сот 27 желтоқсанда өтеді.