Калифорнияда төтенше жағдай жарияланды
Калифорнияда төтенше жағдай жарияланды.
Оған құс тұмауы себеп. Жергілікті фермаларда ондаған қызметкер ауруды жұқтырған. Ал Луизиана штатында алғаш рет құс тұмауына шалдыққан тұрғында дерт ауыр жағдайда өтіп жатыр. Қазір ол ауруханада. Жалпы кейінгі 8 айда АҚШ-та індет 60-тан аса адамда анықталған. Дені ферма қызметкерлері. Мамандар көп жағдайда шаруалар тест тапсырудан бас тартатынын айтады. Оқиғалардың көбеюінің бір себебі де осы дейді.