С. Рзаев: Апат себебі тергеуден кейін белгілі болады
Ақтаудағы ұшақ апатынан әуе кемесінің бірнеше экипаж мүшесі көз жұмды. Бірақ 20-дан астам жолаушының көрер жарығы бар екен. AZAL әуе компаниясының президенті Самир Рзаев қайғылы жағдайдан кейін БАҚ өкілдеріне осылай деп сұхбат берді.
«Жағдайға қатысты әзірге мәлімдеме жасауға ерте. Өйткені апат себебі әлі де тергеліп жатыр», – дейді ол. Сондай-ақ Рзаев қайғылы оқиғаға қабырғасы қайысып, қиын сәтте халықпен бірге екенін жасырмады.
Самир Рзаев, AZAL әуе компаниясының директоры:
- Әрине, бұл AZAL компаниясы үшін де, Әзербайжан жұрты үшін де ауыр жағдай. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Ұшақ апатының нақты себебі анықталып жатыр. Бастысы әуе кемесіндегі қара жәшік табылды. Тергеп-тексеруден кейін барлығы белгілі болады.