Ресейде федералды деңгейде төтенше жағдай жарияланды

Ресейде Қара теңізге мазуттың төгілуіне байланысты федералды деңгейде төтенше жағдай жарияланды.

Бұл шешімді елдің Төтенше жағдай министрі басқаратын үкіметтік комиссия қабылдаған. Енді ластану салдарын жою үшін қосымша күш, құралдар мен зардап шеккендер үшін қаржылық көмек тартуға болады. Осы аптада Краснодар аймағы төтенше жағдай жариялаған еді. Естеріңізге сала кетейік, 15 желтоқсанда Керч бұғазында 9 тоннаға жуық мазут әкеле жатқан 2 танкер соқтығысты. Мұнай өнімдері 70 шақырым аумақты ластаған. Краснодар аймағында өлі 19 дельфин мен 200-ден астам құс табылды.