Қытайда әлемдегі ең ірі су электр станциясы іске қосылды
![Қытайда әлемдегі ең ірі су электр станциясы іске қосылды](/media/k2/items/cache/ed5a3496e9e9b04bca9b896b6181a3d1_XL.jpg?t=20250104_040236)
Қытайда әлемдегі ең үлкен су электр станциясы толықтай іске қосылды.
Ол елдің шығысындағы Чэндэ қаласында жұмыс істеп тұр. 2021 жылы нысанның алғашқы блогы қолданысқа берілген. Содан бері 8 жарым миллиард киловатт сағат электр энергиясы өндірілген. Енді станция толықтай іске қосылғаннан кейін шығысымыздағы көршіміз ауаға бөлінетін көмірқышқыл газының мөлшерін жылына 1 миллион 200 мың тоннаға азайтады. Жалпы кейінгі жылдары Қытай жаңартылатын энергия көздерін дамытуға ден қойып отыр. Әсіресе металлургия, тау-кен өндірісі, химия өнеркәсібінде көмірқышқыл газының шығындыларын азайту бойынша ірі жобалар қолға алынған.
YOUTUBE.COM/BILLION DOLLAR BUILDS