Израиль ХАМАС нысандарын әуеден атқылады
![Израиль ХАМАС нысандарын әуеден атқылады](/media/k2/items/cache/0bb7d04dc870310dfa8332cd9028e775_XL.jpg?t=20250104_103404)
Израильдің әуе күштері Газа секторындағы ХАМАС-тың 40-тан астам нысанына соққы берді.
Салдарынан ұйымға мүше ондаған адам қаза тапты. Сондай-ақ, анклавтағы топ мүшелері жиналатын орындар қирады. ЦАХАЛ әскерінің мәліметінше, аталған нысандар Израильдің сарбаздарына және бейбіт тұрғындарына қарсы шабуылдарды жоспарлау үшін құрылған. Олар кезекті шабуылды ресми түрде осылай түсіндірді.