Әлемдегі ең турбулентті аймақтар

Ұшуға қауіпсіз 25 әуе желісі анықталды

Әуе компаниялары мен олардың қауіпсіздігіне баға беретін әлемде жалғыз сайт бар. AirlineRatings.com-ның мамандары 385 әуекомпанияның ішінен биыл ұшуға қауіпсіз 25 әуе желісін атады. Үздіктер қатарына Еуропа, Азия, АҚШ пен Түркия елдерінің компаниялары кірді. Олар ұшу қауіпсіздігі, инновация мен жаңа ұшақтарды іске қосу бойынша теңдесіз деп танылған. Олардың арасында танымал, Emirates, Lufthansa, United Airlines бар.

ЦИТАТА:

Әуе желілерінің қауіпсіздігі рейтингін жасағанда редакторлар кейінгі бес жылдағы әуе апаттарын, екі жыл ішіндегі келеңсіз оқиғаларды, авиация саласындағы жетекші органдар мен алдыңғы қатарлы қауымдастықтардың тексерісін, мемлекеттік тексеріс, флоттың жасы мен жазғы құрам дайындығын талдаған. 

Джеффри Томас, Airlinerating бас редакторы

БҰҰ жүргізген зерттеуге сәйкес, әлем тұрғындарының шамамен 75% ұшудан мүлдем қорықпайды. 15% адам ұшу кезінде алаңдаса, 10%-ы ұшудан қатты қорқып, ұшақтан гөрі жермен немесе сумен жүретін көліктерді таңдауды жөн көреді. Бұл ретте, мамандар сапар алдында ұйқыңызды қандырып, дұрыс тамақтанып, серуендеп, психоэмоционалды жағдайыңызды ретке келтіруге кеңес береді.

75% - мүлдем қорықпайды

15% - алаңдайды

10% - қатты қорқады

Әлемдегі ең қауіпті турбулентті аймақтар

Әуе рейстері неге үнемі кешігеді? Ұшқан кезде ұшақ неге салдырлайды? Geophysical Research Letters журналының зерттеушілері бұл сұрақтың жауабын қолайсыз ауа райымен байланыстырады. Әуефобтарға бұл мәлімет ұнай қоймауы мүмкін. Халықаралық турбуленттілік деңгейін бақылап отыратын, "Турбли"  мамандары ең турбулентті аймақтарды анықтау мақсатында, 150 мың әуе рейстің ұшу-қону бағытын бақылап, зерттеу жүргізді. Нәтижесінде, Оңтүстік Америка, әсіресе Чилидің Сантьяго қаласынан Боливиядағы Виру-Виру халықаралық әуежайына қону қауіпті екенін анықталды. Сондай-ақ өзіміздің Алматы мен Қырғызстан астанасы Бішкек бағытындағы әуе рейсі Турблидің бақылауынша екінші орында. Сондай-ақ ең турбулентті 6 рейстің ішінде Жапония мен Қытайдағы ішкі бағыттар бар.

ЦИТАТА:

Климат өзгерген сайын турбуленттілік жиілеп барады. Ұлыбританиядағы университеттік зерттеу кейінгі 40 жылда күшті турбуленттілік 55% -ға, орташа турбуленттілік 37% -ға және жеңіл турбуленттілік 17% - ға өскенін көрсетті. Сондықтан ауа-райы өзгерген сайын ол барған сайын дүрбелеңге түсетіні сөзсіз. Сондай-ақ, кейінгі 20 жыл ішінде ұшақтар MultiScan деп аталатын әлдеқайда күрделі радармен жабдықталды. Ауа-райын алдын-ала болжап, мәлімет бере алады.

Джеффри Томас, Airlinerating бас редакторы

Ұшу кезінде тәртіп бұзған жолаушыларға жаза қатаң

Ұшу кезіндегі қауіпсіздік техникалық тексерістерден бөлек, жолаушылардың тәртібіне тікелей байланысты. Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының дерегі бойынша, ұшақ ішінде белгілі ережелерді сақтамағаны үшін жолаушылар өз елінің заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

Мәселен, АҚШ азаматы салон ішінде агрессивті мінез-құлық танытқаны үшін 37 мың доллар айыппұл арқалайды. Бұл теңгемен 20 миллиондай. Егер бұл қайталанатын болса, құқықбұзушы сол әуекомпанияның қара тізіміне еніп, ұшу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін.

Ұшу кезінде тәртіп бұзған жолаушыларға жаза қатаң

Ал Ұлыбританияда әуекомпаниялар ұшақтың, экипаждың немесе жолаушылардың жайлы ұшуына кедергі келтіретін жолаушыларды тасымалдаудан бас тартуға құқылы. Мәселен, бортқа мас күйде кіргені үшін £5000 көлемінде айыппұл төлейді. Бұл бір. Тағы 2 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Жолаушыға салынатын айыппұл мөлшері

Орынсыз мінез-құлық танытқаны үшін - $37 000 - 19 531 260тг 

Жолаушыға салынатын айыппұл мөлшері 

Мас күйдегі жолаушыға - £5000 - 3 220 062тг