Ауғанстан мен АҚШ тұтқын алмасты
Ауғанстан билігі американдықтарға 2 АҚШ азаматын тапсырды.
Ал Вашингтон 20 жыл бұрын қамауға алынған ауғанды босатты. Бұл екі елдің тұтқындар алмасу келісімі аясында жасалды. Тиісті келіссөздер ұзақ уақыт жүргізілген. Оларға Катар билігі арағайындық танытқан. Сарапшылар тұтқындармен алмасу АҚШ пен Ауғанстан арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға сеп болатынын айтады.