АҚШ шетелге көмек беруін тоқтатты

АҚШ шетелдік көмек бағдарламаларының барлығын дерлік 90 күнге тоқтатып тастады.

Бұл туралы жергілікті Политико газеті жазады. Десе де басылымның хабарлауынша, америкалықтар Мысыр мен Израильге қаржылай көмек көрсетуін жалғастыра береді. Еврей елі АҚШ-тан жыл сайын шамамен 3 жарым миллиард доллар, ал Мысыр бір жарым миллиардтай алып отырған. Бұған дейін Дональд Трамп қаржы бөлуді 90 күнге тоқтату туралы бұйрық берген еді. Бұл уақытта бағдарламалар АҚШ-тың жаңа әкімшілігінің саясатына сай келе ме, жоқ па - осы жағы анықталады. Жалпы АҚШ әлемдегі ең ірі донор саналады. 2023 жылы мемлекет шетелдік көмекке 72 миллиард доллар бөлген екен.