Оңтүстік Кореяда ұшақ апатына қатысты ақпарат 27 қаңтарда жария етіледі

Оңтүстік Кореяда Муан әуежайындағы ұшақ апатына қатысты алдын ала есеп 27 қаңтарда жария етіледі. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлайды. Дүйсенбіде көлік министрлігі тиісті ақпаратты тергеу жүргізуге көмектесіп жатқан Халықаралық азаматтық авиация ұйымына, АҚШ пен Францияның құзырлы органдарына жібереді.

29 желтоқсанда жергілікті Jeju Air компаниясының ұшағы Муан әуежайында апатқа ұшыраған еді. Қону кезінде лайнер ұшу-қону жолағынан шығып, бетон қоршауға соғылған. Артынша жарылыс болып, соңы өртке ұласты. Салдарынан 179 адам опат болған. 2 кісі ғана аман қалды. Алдын ала мәлімет бойынша апатқа әуе кемесінің құстармен соқтығысуы себеп болуы мүмкін. Содан ұшақтың дөңгелектері ашылмай қалған.