Бүгін Газа секторының тұрғындары өз үйлеріне оралады

Бүгіннен бастап Газа тұрғындары солтүстік аймақтағы өз үйлеріне оралады, деп хабарлайды 24kz.

Апта соңына дейін тұтқында отырған ондаған палестиналық босатылады. Ал ХАМАС ұйымы кепілдегі 6 израильдікті бостандыққа жіберуге тиіс. Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху осылай деп мәлімдеді. Ал мыңдаған палестиналық бірнеше күннен бері шекара маңын айналсоқтап жүр. Израиль күштері аймаққа өтуге рұқсат еткеннен кейін солтүстікке қарай баруға ниетті. Газа секторында қақтығысты тоқтату туралы келісім күшіне енгелі тұтқын алмасу 2 рет жүргізілді. Кепілдегі 7 адам мен 200-ден астам тұтқын еліне оралды. Өткен сенбіде Хамас 4 сарбазды босатты.